Түркия елшілігі қасиетті рамазан айында Қазақстандағы мұсылмандар қауымына қазақ тіліндегі Құранды сыйға тартты.
Бұл игі шараны Астанадағы Садуақас қажы Ғилмани мешітінде ауызашар бағдарламасы аясында Түркияның діни қоры ұйымдастырды. Түркияның діни қоры мен Астанадағы Түркия елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесі «Құранды сыйға беру» акциясы аясында Қазақстандағы мұсылмандар қауымына қазақ тіліндегі Құранды сыйға тартты. Қазақстандағы дін істері жөніндегі Түркия елшілігінің кеңесшісі Галип Акын: «Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ұйымдастырылатын ауызашар бағдарламасы аясында мұсылман қауымға Қасиетті Құранның 10 данасы сыйға тартылады», - деді. Сондай-ақ, ол Рамазан айында Астана, Алматы, Өскемен,...