Швейцариялық саясаткерлер елде Ислам дінін ресми түрде мойындау қажет деген пікір айтып жатыр. Осы арқылы радикализммен күресте жеңіске жетуге болады дейді олар. SonntagsZeitung агенттігіне берген сұхбатында Социал-демократиялық партия басшысы Кристиан Левра жариялады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Швейцария аумағында 400 000 мұсылман өмір сүреді. Олардың 60 мыңнан астамы – ел азаматтары. «Бүгінгі таңда Швейцарияда 240-тай мешіт қызмет жасайды. Ислам біздің мемлекетімізде бар», – деп атап өтті ол. Кристиан Левра өзі ұсынған жолдың ұтымдылығын былайша дәйектейді: "Егер Ислам діні Швейцарияда ресми түрде мойындалатын болса, онда діни білім алу мен құлшылық ордаларын шетелдік экстермисттер емес, өзіміз қаржыландыра алатын болар едік."
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТ жаңа жазба қосты: "Күніне 5 минут аяқ ұшымен жүру тез арықтауға және ..."10 сағат бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Яджудж и Маджудж уже БЛИЗКИ..."13 сағат бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Знамения Корана: сокращение суши на планете Земля..."КешеБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Қар жауғаннан кейін төңіректің неге тып-тыныш болы..."4 күн бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Электрондық тері қимылдарды таниды: оның көмегімен..."4 күн бұрынДәурен жаңа жазба қосты: "Почему крупный бизнес вкладывает миллиарды долларо..."4 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.