Израиль билігі палестиналық мұсылмандардың мешітін тартып алды
Израиль билігі палестиналық мұсылмандардың мешітін тартып алды

Израиль билігі Хеврон қаласындағы Ибрагим мешітіне 25-26 сәуір күндері мұсылмандардың келуіне тыйым салған. Оған себеп бұл күндері мешіт ғимаратында өздерінің песах деп аталатын діни рәсімдерін өткізген. Бұл – олардың Мысырдан перғауынынан қашып шыққанына орай тойланатын мерекелері деп жазады. Палестинаның дін істері және уақып министрлігі Израиль билігінің бұл бассыздығын сынағанымен, оған қымсынған ешкім болмады. Айта кетейік, Ибрагим мешіті еврейлердің діни мерекелері кезінде үнемі жабық тұрады. Ал, мешіттің жартысына жуығын 1990-жылдары израилдіктер тартып алып, өздерінің қажеттеріне орай өзгертіп тастаған болатын.

Дереккөз: muslim.kz

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
8 жыл бұрын 2795
0 пікір
Блог туралы