Адам өлімнен кейін өзінің қайтыс болғанын сезеді және айналасында не болып жатқанын түсінеді екен, - деп хабарлайды Нью-Йорк университетінің жанындағы Langone медицина мектебінің (NYU Langone School of Medicine) ғалымдары. "Зерттеу LiveScience интернет-басылымында жарияланды" деп жазады РИА Новвости. Дәрігерлердің анықтамасы бойынша, өлім миға қан бармай, оның жұмысы бірден тоқтаған сәтте болады. Осыдан кейін мидың жасушалары өле бастайды. Зерттеу жүргізуші Сем Паринаның сөзінше, бұл клиникалық өлімнен кейін бірнеше сағат өте болатын процесс екен. Сонымен қатар, жүрек тоқтағанымен адамның санасы бірден өшпейді. Адамдар «өлімнің алғашқы фазасында» тіршілік белгілерін көрсете алады. Жүрегі тоқтап қалып, клиникалық өлімді көрген адамдар өздерімен не болғанын толық айта алуы осыған дәлел. «Олар дәрігерлер мен медбикелердің қалай жұмыс істеп жатқанын сезіп, олардың сөздерін естіп жатады екен. Басқаша олар айналасында не болғанын еш жерден біле алмайтын еді», – дейді Парина. Зерттеушінің айтуынша, бұл еске алуларды дәрігерлердің өздері растап, іс жүзінде өлді деген адамдардың айналасындағы жағдайдың бүге-шүгесіне дейін айтып бергеніне таңданады екен.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТ жаңа жазба қосты: "Күніне 5 минут аяқ ұшымен жүру тез арықтауға және ..."10 сағат бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Яджудж и Маджудж уже БЛИЗКИ..."13 сағат бұрынАскар Искаков жаңа жазба қосты: "Знамения Корана: сокращение суши на планете Земля..."КешеБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Қар жауғаннан кейін төңіректің неге тып-тыныш болы..."4 күн бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Электрондық тері қимылдарды таниды: оның көмегімен..."4 күн бұрынДәурен жаңа жазба қосты: "Почему крупный бизнес вкладывает миллиарды долларо..."4 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.