Бұл игі шараны Астанадағы Садуақас қажы Ғилмани мешітінде ауызашар бағдарламасы аясында Түркияның діни қоры ұйымдастырды. Түркияның діни қоры мен Астанадағы Түркия елшілігінің дін істері жөніндегі кеңесі «Құранды сыйға беру» акциясы аясында Қазақстандағы мұсылмандар қауымына қазақ тіліндегі Құранды сыйға тартты.
Қазақстандағы дін істері жөніндегі Түркия елшілігінің кеңесшісі Галип Акын: «Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ұйымдастырылатын ауызашар бағдарламасы аясында мұсылман қауымға Қасиетті Құранның 10 данасы сыйға тартылады», - деді.
Сондай-ақ, ол Рамазан айында Астана, Алматы, Өскемен, Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбеде Түркияның діни қоры атынан 3500 адамға ауызашар берілетінін айтты. «Біз ауызашар кезінде қазақ бауырларымызбен дастархандас болуға қуаныштымыз. Рамазан – бауырластық айы», - дейді Акын.