Технологияның пайдасынан зияны да кем емес
Технологияның пайдасынан зияны да кем емес

Қазіргі жаһандану заманындағы ғаламтор, көгілдір экран мен алуан түрлі фильмдер ересектерді ғана емес, балаларымызды да «жаулап» алды. Көптеген ата-аналар жұмыс бастылықтарынан балаларына жеткілікті түрде көңіл бөле алмайды. Баласының қандай адам болып өсетініне ата-анасы жауапты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Балаларыңа жақсы тәрбие беріңдер. Шынында, перзенттерің – сендерге берілген сый» - деген. Ата-ананың назарынан тыс уақытта балалар көп уақытын аулада ойнағаннан гөрі, мультфильмдер көрумен өткізетіні белгілі. Өзіміз де «тыныш отырса болды» деп балаларымыздың теледидарға толықтай «енуіне» мүмкіндік жасаймыз. Ал сол аталған фильмдердің бала жүйкесіне зиянын тигізетінін білеміз бе? Өмірге келген сәтінен бастап сәби кез-келген әрекетті, дыбыстарды, естіген-көргендерінің барлығын да толықтай санасына сіңіріп өседі. Ал олардың жүйке-жүйесі біздердікі секілді емес, әлдеқайда нәзік, енді ғана қалыптасу үстінде болғандықтан мульфильмдердегі атыс-шабыс, кейіпкерлердің сөздері, жарқыраған қызылды-жасылды оттар бала жүйкесіне кері әсерін тигізбей қоймайды.

Технологиялық тәуелділік .

 

Бала экрандағы жақсы болсын, жаман болсын кейіпкерлердің қылықтары мен іс-әрекеттерін қайталайды. Осылайша өзін сол мультфильмнің бір батыр кейіпкері (Мысалы: "Ұсқынсыз Шрэктің бастан кешкендері", "Достарымен бір-біріне ақымақ, есалаң, жынды деген сөздер айтып, түрлі теріс қылықтар көрсететін Спанч Боб" және т.б.) ретінде санайды. Теледидар өмірінің ажырамас бір бөлігі болып қалады. Күнделікті атқаруы тиіс сүйікті ісіне айналады. Үлкейген сайын балаларымызды экраннан алыстатуымыз да қиынға соғады. Технологиялық тәуелділік дегеніміз міне осы.

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
9 жыл бұрын 6583
4 пікір
  • бул тауелдиликтен кутылу мумкин емес менинше...
    бала болгасын коргиси келеди
    9 жыл бұрын
  • Тәуелділік болмас үшін ол тәуелді болатын нәрсені басынан көрсетпеу керек! Бала оның не екенін білмесе, қайдан тәуелді болсын?! Ал бір бастаған соң тоқтату, әрине, қиын болары анық! Одан да діни тақырыптарда мультфильмдер түсіру керек! Балалар қызығатындай тартымды етіп түсірсе, соларды көріп, әрі уақытын жақсы өткізеді, әрі рухани сусындап өседі!
    9 жыл бұрын
  • телеманиядан бірте-бірте арылып келеміз, бірақ, интернет деген жалмауыз жеп барады
    9 жыл бұрын
  • Мына кейіпкерлер мен қызық ыз болу керек еді.Осы арқылы бір қаруды сынаған
    9 жыл бұрын
Блог туралы