Шымкент әкімшілігі жаңа жылға арнайы қаланы көркемдеуден бас тартты. Жылтырақтар мен гирляндаларға арнайы бөлінген 80 млн. тг. сомасын кедей отбасылар мен жетімдерге таратты. Осының арқасында 5500-ге жуық балалар қыстық жылы киім киеді. Қала басшылығының осы шешімі туралы қала әкімшілігінің сайтында жарияланған. "Қала әкімі Ғабидулла Абдрахимовтың бастамасы бойынша маслихат сессиясында жаңа жылға арнайы бөлінген 80 млн. теңгені қалай қолданылатыны талқыланды. Бұл соманы 5500 жетімдер мен кедей отбасыларына арнайы көмек ретінде жұмсалатыны шешілді" деп хабарлады әкімшілік баспасөз қызметі. Әкімшіліктің бұл идеясын әкімнің штаттан тыс кеңесшісі Данат Жумин өз Facebook әлеуметтік желісінде: "Бүгін Жаңа жыл мейрам күндерінде Шымкенттің көшелерін түрлі түсті оттар емес, балалардың қуанышы мен күлімсіргені көркейтсін. Бюджеттік қаражатты алаңдарды, көшелерді, парктарды жаңа жылдық рәсімдеуден бас тартты. 80 млн. тг. сомасын осы жоспар бойынша жұмсағанша жетімдер мен жағдайы нашар отбасыларына таратылу шешімі қабылданды" деп жариялады.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Бөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Қанды неге төртінші саусақтан алады?..."КешеДәурен жаңа жазба қосты: "Как развивается исламский банкинг в Казахстане и ч..."2 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ жаңа жазба қосты: "ҚЫДЫР АТА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР..."2 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "АУЫЛ ИМАМДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ САЙЫСҚА ТҮСТІ..." тақырыбын ұнатты.4 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "СӘЛӘФИЗМНІҢ БОЛАШАҒЫ ЖОҚ, КЕЛЕШЕГІ - БҰЛЫҢҒЫР..." тақырыбын ұнатты.4 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "ӘЛЕМДІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ: ӨЗГЕРІСТЕР, ҮРДІСТЕР..." тақырыбына пікір жазды.4 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.