Өзінің 2-ге толмаған қызын тастап Сирияға жиһадқа кетіп қалған әйел ана ма?
Өзінің 2-ге толмаған қызын тастап Сирияға жиһадқа кетіп қалған әйел ана ма?

Гүлбану Асанова ағымдағы жылдың 9 мамырында Қандығаштағы үйінен кетіп, қайтып оралмады. Ол үйінен шығарда Ақтөбедегі  күйеуінің жалақысын алуға кетіп бара жатқанын айтқан. Көп ұзамай жақындары оның кетерде қалдырып кеткен хатын тауып алады. Өз анасы Ақтотыға ол 29 мамырда қоңырау шалып, Сирияға аман-есен жеткенін айтты. Медициналық-санитариялық бөлімде жұмыс істеп жүргенін айтып, үш рет белгісіз нөмірден хабарласты. Қаншалықты рас екені белгісіз, бірақ қаңтарда қайтып оралуға сөз беріпті. Содан кейін хабарсыз кеткеніне бір ай болды. Гүлбанудың қызы Ақгүл әлі екіге толмады. Бүлдіршін телефонға жазылған анасының дауысын тыңдап, жылауын тоқтатар емес. Су мен тамақтан бас тартқан. Ақтоты немересінің қатты азып кеткеніне алаңдаулыДостары Гүлбанудың бірден өзгеріп кеткенін байқаған. Басында заманауи қыз болатын. Кейін орамал таға бастаған. Араларында дін туралы әңгіме қозғалғанда, оның көп сөздерін түсінбей, одан алыстай бастаған. Ол оқуға келуін де тоқтатқан. Кейін шетел асып кеткенін естігенде есеңгіреп қалған. Гүлбану өз күйеуі Әлібимен ажырасып кеткен. Әліби әйелінен гөрі баласы үшін алаңдаулы екенін жасырмады. «Баласын тастап кетіп қалғаны дұрыс болмады. Егер жақсы адам, жақсы ана болғанда, баласын тастамас еді. Ол өзінен басқа ешкімді ойламайтынын дәлелдеп берді...Мен намаз оқимын. Сирияға «жиһад» үшін кеткендердің әрекеті оң деп cанамаймын Ажырасқаннан кейін 4 ай 10 күнді де күтпеді. Екі ай өтпей жатып кетіп қалғаны діндегі сауатсыздығын байқатады», дейді ӘлібиАл Қандыағаштағы экономикалық-өндірістік колледждің директоры Бек Байбулов болса Гүлбанудың түзу жолдан күйеуге шыққаннан кейін тайғанын алға тартты.

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
9 жыл бұрын 3708
2 пікір
  • Сауатсыз, жігерсіз, еліктегіш қазіргі жастар. Нәтижесі осындай болады.
    Фанат боп кеткен.
    Алла өзі азғантай ғана қазағымды сақташы.
    9 жыл бұрын
  • Осындайлар көп болып барады,осыншалықты аңқау болғанымыз ба?өзіміз діни сауатты болып балаға үйретіп отсақ мұндайға душар болмас па едік?
    9 жыл бұрын
Блог туралы