Түркия астанасында мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың Әлиханы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде биыл кеңінен тойланады. Халықаралық ұйым шеңберіндегі алғашқы шара бүгін бауырлас түрік елінен бастау алды. Алқалы отырысқа жиылған қазақ пен түріктің белді тарихшы-ғалымдары біртұтас Алаш идеясы мен Әлихан Бөкейханның ұлт-азаттық күресіне қатысты толымды баяндамалар жасады. Алқалы отырыс аясында Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көрген Сұлтанхан Жүсіптің «Әлихан Бөкейхан және түркі дүниесі» жинағы көпшіліктің назарына ұсынылды. Болашақта кітап әлемнің өзге де тілдеріне аударылмақ. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар Алаш арыстары жайлы деректі фильмді тамашалады. Көрнекті қайраткерге арналған кезекті халықаралық жиын Әзірбайжан мен Қырғызстанда жалғасын таппақ.
Авторлары. Ержан Жүніс, Седат Дели
Түркияда «Алаштың Әлиханы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр..
|

0 комментариев
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."2 года назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."2 года назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."2 года назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."2 года назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."2 года назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."2 года назад2025, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.