Лондон қаласының мэры мұсылман кісі болуы мүмкін деген болжам жүзеге асты!
Лондон қаласының мэры мұсылман кісі болуы мүмкін деген болжам жүзеге асты!

Осы аптаның бейсенбі күні мамырдың 5-сі Лондон әкімі жарияланды. Тұлға - Ұлыбританияның лейбористтік партиясының мүшесі Садық Хан! Жеке мәліметтеріне қысқаша тоқтала кетсек:

Садық Хан, 45 жастағы тұлға. Үйленген, 2 қызы бар

Лейбористтік партия мүшесі, 2005 жылдан бері Лондон қаласының оңтүстігіндегі Тутинг округының парламентының депутаты.

Садық Хан жалпы Еуроодақтағы астаналардың алғашқы мұсылман әкімі!

Оның әке-шешесі Амуналла мен Сехрун Пәкістаннан Британияға 1970 жылы көшіп келген. Ол жанұядағы 8 баланың 5-шісі. Жалпы 7 ұл бала, 1 қыз бала. Әкесі 25 жыл бойы автобус айдаған. Анасы тігінші болған. Садық саясатқа мектеп жасынан қызыға бастаған. 15 жасында лейбористтік партия мүшесі болды. Ол ынталы оқушы болған екен. Өзі футбол, бокс және крикетке қызыққан екен. Отбасында ислами тәрбие болған. Парламент мүшесі болғанда алғашқы сөзінде әкесінің пайғамбарымыз Мухаммад (с.а.с) өсиеттерін үйрететінін еске алған. Садық бала кезінде бауырларымен футболға барған кезде талай рет нәсілдік комментарийлерді еститінін айтқан.

Хан Солтүстік Лондон университетіне заң мамандығын бітіріп 1994 жылы "Christian Fisher" юриспруденциялық фирмасының интерны болған. Сол жылы Саадин Ахмет екеуі неке қиған. Әниса мен Әлмара дүйеге келген. 3 жылдан кейін осы фирманың партнеры болып сонымен қатар Тутинг округы кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2005 жылы Садық өзі депутаттық кандидатурасын Тутинг округы бойынша парламент постына қойып сайлауда жеңіске жеткен.

Сайланғаннан кейін 2 ай өткенде 7 шілде күні Лондонда метро мен автобуста бомба жарылу оқиғасына байланысты сөйлеген сөзі арқылы халық назарына түсті. Жылдар өте ол азаматтар бостандығына жақтаған. Үкіметтің жеке куәлік енгізу жоспарына, сол кездегі Ұлыбританияның премьер-министры Тони Блэрдың терроризмге қатысты күдіктілерді ешбір дәлелі жоқ болса да 90 күн бойы тергеу изоляторында болуына рұқсат беру ниетіне қарсы болған. Блэр өз орнынан кеткеннен кейін Садық Хан партияның орталық флангының белсенді қатысушысы болды. 2009 жылы Садық лейбористтер үкіметінің көлік министры және мұсылмандар кабинетінің мүшесі болып сайланды. Ол кезде жалпы палатада тек 4 мұсылман депутат болған. 

2015 жылы профсоюз қозғалысында лейбористтердің жеңіліске ұшырауы және Милибандтың өз орнынан кеткені Садықтың саяси карьерасына онша әсер еткен жоқ. Апта өте ол өз кандидатурасын Лондон әкім қызметіне қоюға ниетін жариялады.

                                                                                                                     Декеккөз: www.bbc.com

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
9 лет назад 3156
0 комментариев
О блоге