Германияда он мыңдаған адам антиисламдық акцияға шықты
Германияда он мыңдаған адам антиисламдық акцияға шықты

Дрезденде 20 мыңнан астам адам антиисламдық және антимиграциялық қозғалыспен айналысатын «Пегида» ұйымы ұйымдастырған көтеріліске қатысты. 

Шеруге шыққандардың қолында миграцияға қарсы тақырыптардағы плакаттар болды. Кейбіреулерінде басына орамал жамылған әйелдің сұлбасы салынған. Сондай-ақ, көпшіліктің арасынан Венгрияның жалауы да көрініп қалды. Олар осылайша босқындарға қатысты заңды қатайту керек деген Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбанды қолдайтындарын білдірді.

Ангела Меркель елге босқындардың толассыз ағылуына қарсы емес. Германия мемлекеті бұл ауыртпалықты да жеңеді деп есептейді ол. Ал Венгрия үкіметі керісінше, шекара өткелдерін жабуға әрекет жасап жатыр.

Айта кетейік, «Пегида» қозғалысы өткен аптада да көтеріліс ұйымдастырған болатын. Ол кезде олар Ангела Меркельдің отставкаға кетуін талап етті.

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
9 лет назад 2907
3 комментария
  • Астанасы Берлинде 3 млн халық болса, оның тең жартысы түріктер. Ал бала ерткен немісті ішін-ара болмаса кездестіру қиын. Керісінше баланы ол жақта азиаттар мен түріктер ертіп жүреді. Қорқыныштары орынды. Орындарын мұсылмандар басуы әбден мүмкін. Европалықтар қартайып бара жатқанын сезеді.
    9 лет назад
    • Иә, олар өз қызығушылығына, жұмыстарына көбірек назар аударып өз отбасыларына қажетті дәрежеде мән бермейді. Көбінесе әрқайсысында тек 1-2 бала.
      9 лет назад
  • Ол кісілерге Алла Тағала һидаят берсін! Жүректерін Исламмен жібітсін!
    9 лет назад
О блоге