ҰБТ маңыздылығы мен гранттың пайдасы мол, бірақ шеккен зардабы суицидке дейін жетіп жатыр..
ҰБТ маңыздылығы мен гранттың пайдасы мол, бірақ шеккен зардабы суицидке дейін жетіп жатыр..

11-ші тамыз күні БҚО-ның Теректі ауданының Подстепное ауылында грантқа ие болмай қалған қыз түлек Айгерім өз-өзіне қол жұмсаған. Анасы Бахыт айтқандай ол өз аты-жөнін компьютер, ұялы телефон арқылы грантниктар тізімінен қарап, ол жақта жоқ болғандықтан поштаға барып "Егемен Қазақстан" газетасын сатып алып сода да іздеп ахыры таппаған. Өз анасына тізімде жоқ екенін айтқанда Бахыт "Жарайды, уайымдама, біз сені Алматыға ЖенПИ-ге алып барамыз" деген. Сосын Айгерім ешқандай эмоция білдірмей душқа кеткен. Жуынып болғаннан кейін өз киімін далада жайған. Бахыт оның далада жүргенін байқаған. Бір уақытта көрші бір қыз келіп Айгерімді сұрады, анасы ол далада екенін айтты. Ол соған бара жатқанда жолдағы бір ағаш сарайының саңылауынан соны көріп қалып ол мына жақта деген, сөйтсе ол сол жақта асылып тұр екен. Бахыт көрші қыз екеуі Айгерімді түсірген кезде ол әлі тірі болғанын айтқан. Жедел жәрдем шақырып оны ауруханаға алып бара жатқанда фельдшер оны сабырлық сақтауға бейімдеген. Бірақ Айгерім ауруханаға жеткенше сол жедел жәрдем машинасында қайтыс болған. Ол сол ауылда қазақ орта мектебін бітіріп ҰБТ-дан жалпы 93 балл, орыс тілін санамағанда 73 балл алған екен. Мектеп директоры Берік Нығметовтың айтуынша: "Ол таңдау пәніне ағылшын тілін таңдаған. Өзі оқу озаты болмаса да жақсы оқыған. Біз оған бұл пәнді таңдаса грантқа ие болу оңай болмайтынын ескегренбіз, өйткені осы пәнді таңдайтындар аз емес." Подстепное мектебінің 15 түлегінің 8-і грантқа ие болған екен.

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
9 жыл бұрын 4600
0 пікір
Блог туралы