Сақал қоюға тыйым салынуы мүмкін
Сақал қоюға тыйым салынуы мүмкін

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару кодексінің жаңа жобасына сотталғандардың сыртқы түріне қатысты жаңа ережелер енгізуді ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 “Заң жобасында сақалға тыйым салу туралы ереже бар”, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова журналисттерге кодекс жобасы талқыланған отырыстан соң. “Кодекс жобасында Үкімет ұсынған бір бап бар, онда бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендердің құқықтары мен міндеттері және белгілі бір тыйымдар туралы. Ол егжей-тегжейлі жазылған. Кодексте детальді түрде жазудың қажеті жоқ, сотталғандардың сыртқы келбеті таза, ұқыпты болуы керектігі нақты айтылса жеткілікті. Сондықтан біз негізгі ұстанымдарды ғана қалдыруды жөн көрдік, ал шаш қанша сантиметрге қиылуы керек, жиналған төсек қандай болуы керек, нені істеуге болады, нені істеуге болмайды – мұның бәрі заңға қосымша актілер деңгейінде қаралуы керек”, – деді Бычкова.

Дереккөз: www.qazaquni.kz

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
9 жыл бұрын 3060
0 пікір
Блог туралы