"Рэмбо" ИШИМ-ге қарсы..
"Рэмбо" ИШИМ-ге қарсы..

Әлемге танымал «Рэмбо» фильмінің кезекті түсірілімі Таяу Шығыста өткізілуі жоспарлануда Онда көптеген елдің әскеріне бой бермей отырған ИШИМ секілді содырлардың әскерімен соғыс көріністерін көрсету жоспарланған.

Туындының 69 жастағы басты қаһарманы әрі режиссері Силвестер Сталлоне «Рэмбо: Соңғы қан» атты фильмінде ИШИМ-мен жалғас арпалысады.

«ИШИМ-ның негізгі күштері орналасқан Ирак пен Сирия жерлерінде біздің арнайы командамыз бар. Біз жергілікті тұрғындармен жұмыс істеп, фильмнің шынайы болуына күш саламыз» дейді Сталлоне Comic-Con фестивалінде берген сұхбатында.

Сильвестер Сталлоненің аталмыш картина сценариі бойына үздік сарбазды сомдайтыны жайлы хабар осы жылдың қыс мезгілінде белгілі болды. Дегенмен, туынды алғашында мексикалық есірткі саудагерлерімен күрес туралы болған екен. Алайда, танымал актер бұл тақырып көрермендер үшін қызықты болмайтынын айтып, тақырыпты өзгерткен.

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
9 жыл бұрын 2811
0 пікір
Блог туралы