7 қыркүйек күні Мәскеуде құдай мен Ресей президенті Владимир Путиннің байланысын қарастыратын дәріс пен дөңгелек үстел өтеді. Бұл туралы opentown.org-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. Православтық “Божья воля” қоғамдық қозғалысының белсендісі, “метафизикалық путинизм бойынша сарапшы” Дмитрий Энтео Путиннің діни табиғатын көпшілік алдында зерттейді деп жазды Оm1 ресейлік порталы. Дәріске келгендер «президент Владимир Путин құдай бола ала ма?» немесе «Владимир Путиннің қалауы құдайдың қалауымен бірігіп, жақсылық тұрғысынан мінсіз бола ма?» деген сұрақтарға жауап алады. Ресей басшысы құдайды шексіз тануға бел буа ма? Владимир Путин табиғатынан құдай ма, жоқ әлде ол тек енді ғана құдай атана ма? Владимир Путинге жердегі құдай ретінде табынуға бола ма? Осы сауалдар дәріс барысында талқыланатын болады. Әңгімелесуден кейін Путиннің Ресейді рухани біріктіргіш ретіндегі рөлін қарастыратын дөңгелек үстел өтіп, әркім өз пікірін айта алады. Іс-шарадан кейін ұйымдастырушылар дәріс берушімен фотоға түсіп, естелік сыйлықтар алу мүмкіндігі берілетінін айтады. Бұны көрген Путинді сыйлайтын мұсылман мемлекеттерінің басшылары не ойлайды екен...
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."2 жыл бұрын
Бөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."2 жыл бұрын
Cаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."2 жыл бұрын
Nurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."2 жыл бұрын
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."2 жыл бұрын
Cаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."2 жыл бұрын
2025, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Арман Қамбарұлы