“Ислам мемлекеті” лаңкестік топтарына кіретін қазақстандықтардың саны шамамен 400 адамдық ұрайды.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Көлекеев мәлімдеді.
“Өткен жылы “Ислам мемлекеті” біршама жанданып кетті. Бұл халықаралық құбылыс Қазақстанға да әсерін тигізді, халқымыздың белгілі бір бөлігінде көзқарастың радикалдануын шапшаңдатты. Шамамен 400-дей қазақстандық “Ислам мемлекеті” топтарының қатарында”, — деді ол бейсенбіде Алматыда өткен “Қазақстандағы Исламның радикалдануы: қиял және шындық” тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында.
http://www.maturidi.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/item/1298-la-kestik-toptardy-katarynda-y-kazakstandyktardy-sany-400-ge-zhetti