АҚШ-да ExpressJet авиакомпаниясы мұсылман қыз-стюардесса Чари Стэнлиді алкогольді сусындарды жолаушыларға апарудан бас тартқаны үшін жұмыстан шығарып жіберген. Стэнли бұл әрекетті дискриминация ретінде қабылдап авиакомпанияның атына АҚШ федералдық агенттігінің жұмыспен қамту және тең мүмкіндіктер проблемалар бойынша комиссиясына наразылық білдірген. Бұл наразылығын Стэнли ешкімді жұмыс пен дін саласында мәжбүрллемеу керек деп дәлелмен қорытындылады. Оның қорғаушысы Лена Масси амеркикандық-ислами кеңесінде әр жұмыс беруші өз қызметкерлеріне қандай діни ұстанымда болса да оларды жұмыстан айырылу қауып-қатерін тигізбей қамтамасыз ету керек екенін еске салды. Бұл шағылыс Стэнлидің бір әріптесі оның осы әрекеттен бас тартқанынан кейін өзінің жұмысының көлемі артылуына байланысты шағымданынан кейін басталды. Тағы басқа стюардессаның айтуынша Стэнлидің орамал тағатыны авиакомпанияның дресс-кодына сәйкес емес. 25 тамыз күні авиакомпания өз қызметкеріне оның 1 жылға жұмыстан босатылғаны туралы хат жіберген және басқа жұмыс іздестіре бергеніне кеңес берген. Бұл жанжал авиакомпанияның бас хатшысы осы шаруаға байланысты жауап беруден бас тартқанынан кейін басталды. Ислам діні бойынша алкогольді сусындарды ішпек тұрмақ берудің өзі харам болғандықтан 1 маусым күні Стэнли өз басшылығына осы әрекеттен бас тартуға рұқсат беру келісімін жасасуға өтініш білдірген. Ол ExpressJet компаниясында жұмыс істеп жатқанына 3 жыл болған, ал исламды 2 жыл бұрын қабылдаған.
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Бөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Қанды неге төртінші саусақтан алады?..."КешеДәурен жаңа жазба қосты: "Как развивается исламский банкинг в Казахстане и ч..."2 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ жаңа жазба қосты: "ҚЫДЫР АТА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР..."2 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "АУЫЛ ИМАМДАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ САЙЫСҚА ТҮСТІ..." тақырыбын ұнатты.4 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "СӘЛӘФИЗМНІҢ БОЛАШАҒЫ ЖОҚ, КЕЛЕШЕГІ - БҰЛЫҢҒЫР..." тақырыбын ұнатты.4 күн бұрынНУРЛЫБЕК САБЫРГАЛИЕВ "ӘЛЕМДІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ: ӨЗГЕРІСТЕР, ҮРДІСТЕР..." тақырыбына пікір жазды.4 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.