Дональд Трамп өз пресс-конференциясында Обама мен Клинтонды ИШИМ группировкасын құрастырған деп айыптады
Дональд Трамп өз пресс-конференциясында Обама мен Клинтонды ИШИМ группировкасын құрастырған деп айыптады

Business Insider жариялауы бойынша АҚШ мемлекет басшылығына сайлануға қосылған претендетінің бірі Дональд Трамп өз пресс-конференциясында Обама мен Клинтонды ИШИМ группировкасын құрастырған деп айыптады. Билокси (штат Миссисипи) қаласындағы сөйлеген сөзінде: «Жалған сөз айтатындар өте көп, ИШИМ группировкасын Хилари Клинтон Барак Обамамен бірге жасаған» деп хабарлады. Сонымен қатар осы кеше ғана Тегеранда Нимр ан-Нимрды өлім жазасын жүзеге асырғанның арқасында болған шииттер жасап жатқан көтеріліс туралы да айтты, оның пікірі бойынша бұл әрекеттің мақсаты Иранның Сауд Арабиясының мұнайына қол жеткізу.

Желтоқсан айының соңында демократтар өкілдерінің дебатында Хилари Клинтон Трампты «ИШИМнің ең белсенді жасақтаушысы» деп мазақ қылды. «Содырлар Трамптың ислам мен мұсылмандарды қорлап жатқан видеоны көбірек джихадшыларды жинау үшін көрсетеді» деп айтты.

 

Дереккөз: www.mail.ru

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
8 жыл бұрын 2450
0 пікір
Блог туралы