Адамда нәсіл, ұлт, тіл бойынша айырмашылық бар болғанымен ішкі дүниесі жалпы бірдей..
Адамда нәсіл, ұлт, тіл бойынша айырмашылық бар болғанымен ішкі дүниесі жалпы бірдей..

Кез-келген минутта тоқтап қалуына қауіптілігі бар әлсіз жүректің иесі 10 жастағы бір қазақ қыз Дильназ Исанға Үндістанда жол апатына түсіп қайтыс болған 12 жастағы бала Адиз Полсонның жүрегін трансплуатация арқылы көшіріп орнықты жағдайға жеткізіпті. «The Times of India» жариялауы бойынша Адиз осы зілзалада қайтыс болған. Дильназ Исан донорлық жүректі Ченнан қаласында 4 ай бойы күткен. Адиз Үндістанның Керала штатында тұрған екен. Дәрігерлер Дильназға «кардиомиопатия» диагнозы (өте әлсіз, кез-келген уақытта тоқтап қалуы азап емес) екенін анықтапты. Ал «Фортик» ауруханасында дәрігерлер әкесімен бірге апатқа ұшырап ауыр жарақат алған Адиз Полсонды құтқара алмай қалыпты. Адиздың анасы оның сау органдарын шығарып алуға қарсылық білдірмепті. «The Times of India»: «Аурухана специалисттері Адиздың жүрегіне сәйкес реципиент табылмағандықтан бірден басқа штаттардың медициналық мекемелеріне хабар жіберген. Сәйкес реципиенттер табылмағандықтан оны Дильназға трансплутациялауға шешім қабылданды.» деп хабарлаған. Казинформ корреспондентіне Сыртқы істер министрлігі Үндістандағы елшілік бұл туралы білетінін айтқан. СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнаков: «Операция сәтті өткен жағдайы тұрақты, өзіміздің дипломаттар кез-келген әрекет жасауға дайын» деп хабарлаған.

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
9 жыл бұрын 3000
0 пікір
Блог туралы