Түркияда «Алаштың Әлиханы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр..
Түркияда «Алаштың Әлиханы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр..

Түркия астанасында мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың Әлиханы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде биыл кеңінен тойланады. Халықаралық ұйым шеңберіндегі алғашқы шара бүгін бауырлас түрік елінен бастау алды. Алқалы отырысқа жиылған қазақ пен түріктің белді тарихшы-ғалымдары біртұтас Алаш идеясы мен Әлихан Бөкейханның ұлт-азаттық күресіне қатысты толымды баяндамалар жасады. Алқалы отырыс аясында Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көрген Сұлтанхан Жүсіптің «Әлихан Бөкейхан және түркі дүниесі» жинағы көпшіліктің назарына ұсынылды. Болашақта кітап әлемнің өзге де тілдеріне аударылмақ. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар Алаш арыстары жайлы деректі фильмді тамашалады. Көрнекті қайраткерге арналған кезекті халықаралық жиын Әзірбайжан мен Қырғызстанда жалғасын таппақ.
Авторлары. Ержан Жүніс, Седат Дели

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
3 жыл бұрын 1231
0 пікір
Блог туралы