Швейцарияда ислам діні ресми мойындалуы керек
Швейцарияда ислам діні ресми мойындалуы керек

Швейцариялық саясаткерлер елде Ислам дінін ресми түрде мойындау қажет деген пікір айтып жатыр. Осы арқылы радикализммен күресте жеңіске жетуге болады дейді олар. SonntagsZeitung агенттігіне берген сұхбатында Социал-демократиялық партия басшысы Кристиан Левра жариялады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Швейцария аумағында 400 000 мұсылман өмір сүреді. Олардың 60 мыңнан астамы – ел азаматтары. «Бүгінгі таңда Швейцарияда 240-тай мешіт қызмет жасайды. Ислам біздің мемлекетімізде бар», – деп атап өтті ол. Кристиан Левра өзі ұсынған жолдың ұтымдылығын былайша дәйектейді: "Егер Ислам діні Швейцарияда ресми түрде мойындалатын болса, онда діни білім алу мен құлшылық ордаларын шетелдік экстермисттер емес, өзіміз қаржыландыра алатын болар едік."

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
1 жыл бұрын 681
0 пікір
Блог туралы