ДАИШ қай ел арқылы қару-жарақпен қамтамасыз етілгені белгілі болды
ДАИШ қай ел арқылы қару-жарақпен қамтамасыз етілгені белгілі болды

Сирия мемлекетінің билігі Израиль үкіметіне ДАИШ-ты қару-жарақпен қамтамасыз етіп келген деген айып тағып отыр. Бұл айыптаудың негізі де жоқ емес. Сирия әскері ДАИШ құрсауында болған аймақтарды қайтарып алу барысында жаудың қару-жарақ қоймасына тап болған. Лаңкестер қолданған қарулар мен оқтар, байланыс құралдарының барлығы дерлік Израиль өнімі болып шыққан. Атап айтқанда, минометтер мен пулеметтер, 800-ге жуық артиллериялық снарядтар және 10 000-нан астам оқтар табылған. Бұл қару-жарақтардың барлығы Хама және Хомс провинцияларының азат ету операциясы аясында қолға түскен. Кезінде Израиль мемлекетіне ДАИШ лаңкестерінің қолтығына су бүркіп, жасырын көмек көрсетіп отыр деген айыптаулар бірнеше рет айтылған болатын.

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
11 ай бұрын 1010
0 пікір
Блог туралы