Ақмола облысында суицид жасағандар енді бөлек жерленбек
Ақмола облысында суицид жасағандар енді бөлек жерленбек

Ақмола облысында өз-өзіне қол жұмсағандарды бөлек молаға жерлеу қолға алына бастады. Алғашқы жылдары мұндай шешімді түсінбеген халық шу шығарып, біраз наразылықтарын білдірген екен. Бірақ, имам суицидті азайтып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында осындай шешімге келгенін айтқан. 

Бұл туралы 31 арнаның жаңалықтар қызметіне "Красный Яр" мешітінің имамы Науан Мүтәлұлы мәлімдеген. Өкініштісі, уақыт өткен сайын бұл жердегі моладағы төмпешіктер артып барады. Мезгілсіз өлімнен көз жұмғандардың басым бөлігі жастар. Жалпы, жас болсын, кәрі болсын, адам баласы өз-өзіне қол жұмсауы үлкен қате. Шариғатқа сүйенген имам бөлек жерлеудің басты себебі де осы дейді. Науан Мүтәлұлының айтуынша, өз-өзіне қол жұмсағандардың бөлек жерленетінін көріп, суицид жасау туралы ойынан бас тартқандар да болыпты.
«Бір әйел баласы 70 жасқа толғаннан кейін, күйеуімнің артынан кетем деген шешім қабылдаған. Бірақ, ол өз-өзіне қол жұмсаған қыздың жаназасына келіп, онда имамнан өз-өзіне қол жұмсаған дұрыс еместігін естіген. Дереу ойынан бас тартып, тәубесіне келген», – дейді "Красный Яр" мешітінің бас имамы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміз жас балалардың суицид жасауынан әлемде тоғызыншы орынға тұрақтаса, 15-29 жас аралығындағы азаматтардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша Үндістан, Солтүстік Корея, Зимбабведен кейін төртінші орынға жеткен.

Арман ҚамбарұлыАрман Қамбарұлы
1 жыл бұрын 612
0 пікір
Блог туралы